Кафедра

АРНАЙЫ ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ

Оқытушылар: 19 Кафедра меңгерушісі Кафедра тарихы
Кафедра туралы

Арнайы және инклюзивті білім беру кафедрасына қош келдіңіз!

Арнайы және инклюзивті білім беру кафедрасы арнаы және инклюзивті білім беру саласына мамандар даярлауды жүзеге асырады.
Кафедра "Арнайы педагогика" бакалавриатының (4 және 3 жыл), сондай-ақ "Дефектология" және "Логопедия" магистратурасының (2 жыл) білім беру бағдарламасын жүзеге асырады.
Оқыту бағдарламасы Қарағанды облысының арнайы білім беру ұйымдары желісінің базасында және кафедраның 4 филиалының базасында өтетін өзекті пәндер мен практиканың 5 түрін қамтиды. Студенттер арнайы педагогика және инклюзивті білім беру саласы бойынша білім алады.
Кафедра "Білім беру" тобының барлық білім беру бағдарламаларында "Инклюзивті білім беру" курсын оқуды жүзеге асырады.
Кафедра түлектері инклюзивті жағдайлары бар жалпы білім беру ұйымдарының және арнайы білім беру ұйымдарының барлық түрлерінде арнайы педагог/дефектолог болып жұмыс істей алады, сондай-ақ колледждерде, біліктілікті арттыру институттарында, жоғары оқу орындарында сабақ бере алады, педагогикалық және зерттеу қызметімен айналыса алады.
Кафедра университеттің инклюзивті білім беру ресурстық орталығының жұмысын  қамтамасыз етеді, оның негізгі бағыттарының бірі – ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерді сүйемелдеу. 
Кафедраның ғылыми бағыты дамып келе жатқан инклюзивті орта үшін жаңа формациядағы болашақ педагогтарды кәсіби даярлау мәселелерін зерттеумен байланысты.
Кафедра құрамы

Оқытушылар