БАСТАУЫШТА ОҚЫТУ ПЕДАГОГИКАСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ КАФЕДРАСЫ ТУРАЛЫ ТОЛЫҚ АҚПАРАТ

Тарихы:

Педагогика кафедрасы өз тарихын 1983 жылдан бастады. 80-жылдардың басында бастауыш білім беру жүйесі қарқынды дамыды. Осыған байланысты Орталық Қазақстанда жоғары білікті педагогикалық кадрларға деген қажеттілік туындады. Мамандардың өсіп келе жатқан сұранысын қанағаттандыру үшін 1983 жылы Қарағанды педагогикалық институтында «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына алғашқы қабылдау жүргізілді. 1984 жылы бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі атты жеке факультет құрылды, оның деканы болып п.ғ.к., доцент С.Қ. Нұртақанов тағайындалды.

1984 жылдан бастап «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасында бастауыш мектеп үшін күндізгі және сырттай оқу бөлімі бойынша педагог кадрларды даярлау жүзеге асырылды. 1987 жылы алғаш қабылданған студенттер оқуларын аяқтады.

1999 жылы кафедрада «Жалпы педагогика» мамандығы бойынша магистратура ашылды, ал 2001 жылы алғашқы магистранттар оқуды бітіріп шықты.

2001 жылы «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алу үшін бөлімше ашылды. Сол жылы «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасының ұжымы «Педагогика» мамандығы бойынша магистратура үшін мемлекеттік стандарт құру бойынша республикалық конкурсқа қатысты.

2004 жылы бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасында «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша магистратура ашылды. Магистрлердің білім беру мазмұнында олардың психологиялық-педагогикалық және арнайы цикл пәндерін, атап айтқанда жоғары мектепте оқыту әдістемесін меңгеруіне басты назар аударылады. Педагогикалық факультеттің кадрлық және ғылыми әлеуеті магистранттардың зерттеу жұмыстарына жоғары ғылыми деңгейде жетекшілік етуге мүмкіндік береді

2006 жылы кафедра ұжымы «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» (бакалавриат, магистратура) мамандығы бойынша мемлекеттік білім беру стандартын әзірлеуге қатысып, конкурстық комиссияның шешімімен жеңімпаз болып танылды.

2011 жылы Ғылыми кеңестің шешімімен педагогика кафедрасы бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасымен бірікті. Кафедра меңгерушісі болып п.ғ.д., бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының профессоры С.Қ.Абильдина тағайындалды.

2017 жылы педагогика ғылымдарының докторы, профессор С.Қ.Абильдинаның төрағалық етуімен диссертациялық кеңес (бейін бойынша доктор) ашылды.

2022-2024 жылдар аралығында кафедра меңгерушісі қызметін қауымдастырылған профессор, педагогика ғылымдарының кандидаты Одинцова Светлана Анатольевна атқарды.

2024 жылдан бастап бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі - педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Мухаметжанова Айгуль Олжабаевна.

Оқытушылар:

Қазіргі уақытта кафедрада 25 адам жұмыс істейді, олардың 56%-ның ғылыми дәрежесі бар. Кафедрада «Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» республикалық атағының, Қазақстан Республикасының педагогикалық ғылымдар Академиясының, Қазақстан Республикасының Халықаралық ақпараттандыру академиясының, Мәскеу қаласы халықаралық педагогикалық білім беру академиясының, Еуразиялық халықаралық экология және тіршілік қауіпсіздігі ғылымдары академиясының академиктері, өнертапқыштықты дамытуға қосқан үлесі үшін А. Нобель медалінің, Т.К.Қамзабаев атындағы сыйлықтың иегері, «Еуропалық сапа» алтын медалі, «Ы.Алтынсарин» белгісінің иегерлері бар.

Аккредиттеу және көшбасшылық:

Кафедраның барлық білім беру бағдарламалары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз қазақстандық агенттікпен аккредиттелген. Олар ұлттық рейтингте жоғары орындарға ие.

«6В01301 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы 2023 жылы,  «7М01301 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы 2024 жылы, «8D01301 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы 2023 жылы 5 жыл мерзімге мамандандырылған аккредиттеуден өтті.

Серіктестер:

Кафедра шетелдік әріптестермен, соның ішінде педагогтің халықаралық кәсіби даму институтының (Ресей), Әулие Кирилл және Мефодий университетінің (Словакия), Баку мемлекеттік университетінің (Әзірбайжан), Гази университетінің (Анкара), Генуя университетінің (Италия), Максим Танк атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университетінің (Беларусь), Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің (Ташкент) профессорларымен ынтымақтастық орнатуда.

Жобалар:

Кафедра оқытушылары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі және сыртқы тапсырыс берушілер қаржыландыратын ғылыми жобаларды жүзеге асырады:

- 2018–2020 - AR05134666 «Инклюзивті білім беру жағдайында кәсіби қызметке педагог кадрларды даярлау»: жетекшісі: Абильдина С.К., орындаушылар: Дюсембинова Р.К., Рымхан А.Р.;

- 2020-2022 - AR08856309 «Инклюзивті білім беру жағдайында студенттерді волонтерлік қызметке  ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу»: жетекшісі: Абильдина С.К., орындаушылар: Дюсембинова Р.К., Рымхан А.Р., Ранова Г.

- 2022-2024 - АР14870260 «Білім беруді цифрландыру жағдайында бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту»: жетекшісі: Абильдина С.К., орындаушылар: Сарсекеева Ж.Е., Мухаметжанова А.О., Айдарбекова К.А., докторант Копбалина К.Б., магистрант Оразбекова Н.Т.;

- 2025-2027 - AP26101969 «Жаһандану, цифрландыру және инклюзивті білім беру жағдайында инновациялық - белсенді оқытушыны даярлаудың және оның кәсіби дамуының синергетикалық моделін әзірлеу және енгізу»: жетекшісі: Абильдина С.К., орындаушылар: Омарова М.К., Ашимханова Г.С., Садвакасова Н.А., Кударинова А.С., докторант Тамабаева М.К.

Жұмысқа орналастыру:

Кафедра түлектері еңбек нарығында сұранысқа ие, олардың жұмысқа орналасу көрсеткіші 95%-ды құрайды.

Білім беру бағдарламалары:

6В01301-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі: бакалавриат. Бағдарлама орта білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында ғылыми-педагогикалық, практикалық-бағдарлы қызметті жүзеге асыру үшін іргелі және қолданбалы білімі, зерттеу дағдысы бар жоғары білікті, бәсекеге қабілетті педагогтерді дайындауға бағытталған. Түлектер білім бакалавры дәрежесін алып, бастауыш сынып мұғалімі, мектеп директорының оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі орынбасарлары, бастауыш мектеп бойынша білім департаментінің әдіскері болып жұмыс істей алады.

7М01301 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі: магистратура. Бағдарлама жоғары және орта кәсіптік білім беру жүйесі, ғылыми-зерттеу саласы үшін ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған. Бітіруші түлектер педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алады және бастауыш сынып мұғалімі, мектеп директорының оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі орынбасарлары, колледж және ЖОО оқытушысы, бастауыш мектеп бойынша білім беру департаментінің әдіскері болып жұмыс істей алады.