Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасына қош келдіңіз!
стауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасы білім берудің халықаралық талаптарына сай, кәсіби қызметті жоғары деңгейде жүзеге асыра алатын бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауға бағытталған жүйелі жұмыстарды жүргізеді.
Кафедра «6В01301-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» бакалавриат, «7М01301 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» магистратура, «8D01301 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» докторантура бағдарламаларын ұсынады. Оқу барысында білім беру жүйесіндегі менеджмент, оқыту әдістемесі, педагогика, психология саласындағы теориялық және практикалық пәндер оқытылатын болады.
Кафедра түлектері бастауыш сынып мұғалімі, мектеп директорының оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі орынбасарлары, колледж және жоғары оқу орнының оқытушысы, бастауыш мектеп бойынша білім беру департаментінің әдіскері болып жұмыс істей алады.
Кафедрада білім беру және педагогика тарихы, жалпы педагогика, кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі саласының ғылыми мектептері қалыптасқан.
Buketov University