ШЕТЕЛ ТІЛІНЕН ДАЯРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ КАФЕДРАСЫ ТУРАЛЫ ТОЛЫҚ АҚПАРАТ

Тарихы:

Кафедра бакалавриат – магистратура – докторантура жүйесі арқылы мамандарды даярлаудың сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз етеді, шетелдік серіктес жоғары оқу орындарымен бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асырады. Олардың қатарына Шихэцзы университеті (Қытай), Новосибирск мемлекеттік педагогикалық университеті (Ресей), Ататүрік университеті (Түркия), Кастамону университеті (Түркия), Низами атындағы Өзбек ұлттық педагогикалық университеті (Өзбекстан Республикасы, Ташкент қ.) жатады.

Кафедраның ғылыми қызығушылықтары көптілді және шеттілдік білім беру, лингводидактиканың теориялық және қолданбалы аспектілері, шетел тілін ерте жастан оқыту технологиялары, мәдениетаралық коммуникация және басқа да бағыттарды қамтиды.

Кафедра академиялық ұтқырлық пен халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Академиялық ұтқырлық университеттің халықаралық ынтымақтастық стратегиясының негізгі құрамдас бөлігі болып табылады және оның әлемдік академиялық әрі ғылыми-зерттеу кеңістігіне интеграциялануында маңызды рөл атқарады. Университетте білім алушылар мен оқытушылар үшін кіріс және шығыс академиялық ұтқырлық бағдарламалары белсенді түрде іске асырылуда. Бұл бағдарламалар халықаралық байланыстарды кеңейтуге, тәжірибе алмасуға және білім сапасын арттыруға бағытталған.

Шығыс академиялық ұтқырлық аясында студенттер бір академиялық кезең ішінде отандық және шетелдік серіктес университеттерде білім ала алады. Шетел азаматтары университетте кіріс академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқудан өте алады.

Оқытушылар академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қонақ лекторлар және академиялық сапарлар қатысушылары ретінде қатысады. Жыл сайын университет Беларусь, Болгария, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Испания, Италия, Литва, Нидерланд, Польша, Ресей, Румыния, Словакия, АҚШ, Түркия, Өзбекстан, Украина және басқа да елдердің жетекші университеттерінің өкілдерін қабылдайды.

Кафедра магистранттары Қазақстан Республикасының ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарында паритеттік негізде тағылымдамадан өтеді. Докторанттар ғылыми кеңесшілері жұмыс істейтін жоғары оқу орнында тағылымдамадан өтеді.

Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласындағы Низами атындағы Өзбек ұлттық педагогикалық университеті мен академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті арасындағы меморандумға сәйкес, екі дипломды білім беру бағдарламасы (3+1) аясында 2023 және 2024 жылдары «6В01705 – Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасына студенттер қабылданды.

2023 жылғы 13 қазанда «ЖОО–мектеп» бағдарламасы аясында Қарағанды қаласындағы «№15 жалпы білім беретін мектеп» КММ базасында жаңа филиал ашылды. Филиал болашақ шетел тілі мұғалімдерінің кәсіби дағдыларын дамыту мақсатында студенттердің практикалық және тәрбиелік жұмыстарын ұйымдастыру орталығы болып табылады. Кафедра филиалдарының «№15 ЖББМ» КММ және Қарағанды қаласының «№97 гимназиясы» КММ базасындағы қызметі «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КЕАҚ шетел тілінен даярлаудың теориясы мен әдістемесі кафедрасының филиалы туралы Ережеге және 2025–2026 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады және «Мектеп–ЖОО» серіктестік жобасы аясындағы университет пен мектеп ынтымақтастығының маңызды нысаны болып табылады. Кафедра студенттері Қарағанды қаласы мен облысының білім беру ұйымдарында өндірістік (педагогикалық) тәжірибеден өтеді.

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің шетел тілдері факультеті мен Қазақстандағы АҚШ Елшілігі арасындағы екіжақты ынтымақтастық туралы келісім аясында тұрақты негізде Американдық академиялық жазу орталығы ашылды.

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің шетел тілдері факультеті мен Кастамону университеті (Түркия) арасындағы екіжақты келісім шеңберінде факультет базасында Кастамону университетінің «TÖMER» орталығының филиалы жұмыс істейді. Бұл орталық түрік тілінен халықаралық тілдік сертификат алуға мүмкіндік беріп, студенттердің Түркияның жоғары оқу орындарына түсу үдерісін жеңілдетеді.

«Формальды және формальды емес жоғары білім беру конвергенциясы жағдайында кәсіби шеттілдік даярлықты іске асырудың ғылыми-әдістемелік негіздері» жобасын жүзеге асыру мақсатында Лефке Еуропалық университетімен (келісім 01.09.2023 жылдан бастап қолданыста) келісім жасалған.

«Формальды және формальды емес жоғары білім беру конвергенциясы жағдайында кәсіби шеттілдік даярлықты іске асырудың ғылыми-әдістемелік негіздері» жобасы аясында Түркияның Ататүрік университетімен (келісім 2023 жылдан бастап қолданыста) ынтымақтастық жүзеге асырылуда.

«Педагогикалық және әлеуметтік-мәдени инновациялар контексіндегі формальды емес шеттілдік білім беру: перспективалар мен тәжірибелер» халықаралық жобасын іске асыру мақсатында Низами атындағы Өзбек ұлттық педагогикалық университетімен (келісім 2024 жылдан бастап қолданыста) келісім жасалған.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландыратын ғылыми жобалар аясында қонақ дәрістер ұйымдастырылуда. Бұл дәрістер магистранттар, докторанттар мен профессор-оқытушылар құрамы үшін бірегей мүмкіндік болып табылады. 2025 жылы қонақ дәрістерді: Ahmet Rıfat Kayiş – PhD, Кастамону университетінің психологиялық кеңес беру және бағдарлау кафедрасының доценті, халықаралық студенттер бөлімінің үйлестірушісі; Mustafa Öztürk Akcaoğlu – PhD, Кастамону университетінің оқу жоспарлары және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, доцент, Кастамону білім беру (TR DİZİN) журналының редакторы; Servet Çelik – Trabzon University профессоры (Түркия) өткізді.

2023–2024 оқу жылында АҚШ Елшілігінің Fullbright бағдарламасының стипендиаты, ағылшын тілі оқытушысының ассистенті Спенсер Харрисон жұмыс істеді.

Шетел тілдері факультетінде мектеп оқушылары мен талапкерлерді оқуға түсу мүмкіндіктері және түлектердің кәсіби қызмет перспективалары туралы ақпараттандыруға бағытталған кәсіптік бағдар беру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.

Кәсіптік бағдар беру іс-шаралары аясында жалпы білім беретін ұйымдардың білім алушыларымен кездесулер, ашық есік күндері, факультеттің білім беру бағдарламаларының таныстырылымдары, сондай-ақ оқуға түсу мәселелері бойынша жеке және топтық кеңестер ұйымдастырылады.