Кафедра

ШЕТЕЛ ТІЛІНЕН ДАЯРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ КАФЕДРАСЫ

Оқытушылар: 27 Кафедра меңгерушісі Кафедра тарихы
Кафедра туралы

Шетел тілінен даярлаудың теориясы мен әдістемесі кафедрасына қош келдіңіз!

Шетел тілінен даярлаудың теориясы мен әдістемесі кафедрасы ағылшын, неміс, француз, түрік, қытай тілдерін шетел тілі ретінде оқыту саласында мамандар даярлауды жүзеге асырады және бакалавриат, магистратура мен докторантура білім беру бағдарламаларын ұсынады.

Кафедра білім алушылары әртүрлі тілдік білім беру траекториялары бойынша білім алуға мүмкіндік алады: «Ағылшын тілі / Неміс тілі», «Ағылшын тілі / Француз тілі», «Ағылшын тілі / Қытай тілі», «Ағылшын тілі / Түрік тілі».

«6В01705 – Шетел тілі: екі шетел тілі», «7М01703 – Шетел тілі: екі шетел тілі», «8D01702 – Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламалары Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім саласындағы нормативтік құжаттарына сәйкес әзірленген. Сонымен қатар, бағдарламаларда Еуропалық біліктілік шеңберімен үйлестірілген Дублин дескрипторлары ескерілген. Білім беру бағдарламалары жоғары кәсіби және жоғары оқу орнынан кейінгі білім деңгейлеріне қойылатын талаптарға сай келеді және жалпы ережелер, мақсатты, мазмұндық, оқу нәтижелері мен ресурстық қамтамасыз ету бөлімдерін қамтиды.

Білім беру бағдарламаларының бірегейлігі міндетті компонент пен таңдау компонентіне кіретін базалық және бейіндік пәндер тізімінен көрініс табады. Бұл тізім білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, еңбек нарығының заманауи талаптарына сәйкес әзірленген. Бағдарламалар ECTS кредиттік жүйесін және таңдауға болатын пәндердің кең спектрін қамтитын элективті пәндер каталогын қолдану арқылы студенттердің білім беру траекторияларының икемділігі мен вариативтілігін, сондай-ақ олардың академиялық ұтқырлығын қамтамасыз етеді. Оқу бағдарламасына «Білім берудегі IT-технологиялар», «Цифрлық білім беру ресурстары», «Мектептегі оқу үдерісін ұйымдастырудағы инновациялық технологиялар», «Инклюзивті білім беру», «Инновациялық менеджмент және шетел тілінде білім беру», «Шетел тілі мұғалімдерінің негізгі құзыреттіліктері», «Шетел тілдік даярлаудағы жобалық жұмыс», «Кәсіби қызметтегі жасанды интеллект», «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға шетел тілін оқыту әдістемесі», «Шетел тілдерін оқытудағы цифрлық технологиялар» сияқты өзекті пәндер енгізілген. Алынған дайындық деңгейіне сәйкес кафедра түлектері білім беру ұйымдарында, білім беру орталықтарында және тіл курстарында шетел тілінен сабақ бере алады, аудармашы болып жұмыс істей алады, мұғалімдердің біліктілігін арттыру жүйесінде, білім бөлімдері мен департаменттерінде әдістемелік немесе басқарушылық қызмет атқара алады, сондай-ақ жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелерде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналыса алады.

Кафедра құрамы

Оқытушылар