Философия және мәдениет теориясы кафедрасына қош келдіңіз!
Философия және мәдениет теориясы кафедрасы жоғары білім берудің үш деңгейі бойынша әлеуметтік-гуманитарлық мамандар даярлайды. Олар: "Философия" бағдарламасы бойынша бакалаврлар, магистрлер, философия докторлары (PhD), сондай-ақ "Дінтану" бағдарламасы бойынша бакалаврлар. Кафедра магистратураның барлық білім беру бағдарламаларына "Ғылым тарихы мен философиясы" курсын, ал бакалавриаттың барлық бағдарламаларына "Философия" және "Мәдениеттану" курстарын оқытуды қамтамасыз етеді. Бакалавриат деңгейіндегі білім алушыларға "Қазақстан діндері", "Дінтану зерттеулеріндегі жасанды интеллект", "Сандық шындық философиясы", "Қазақ менталитетінің архетиптері" сияқты өзекті пәндер оқытылады. Кафедраның ғылыми зерттеулері қазіргі философия мәселелерін және Қазақстанның рухани өміріндегі діни факторларды қамтиды. Студенттер, магистранттар, докторанттар ф.ғ.д., профессор Б.И. Карипбаев басқаратын "Қазақстандағы діни ахуалды кешенді зерделеудің ғылыми-зерттеу зертханасы" базасында ғылыми жұмыстар жүргізеді. Кафедра білім алушылары ҚР Президентінің стипендиясы сияқты атаулы стипендиялардың иегерлері және түрлі конкурстардың жүлдегерлері болып табылады. Түлектер мемлекеттік органдарда, ҒЗИ, БАҚ-та сарапшы, әлеуметтік талдаушы, діни мәселелер бойынша кеңесші болып жұмыс істей алады, сондай-ақ білім беру мекемелерінде философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндерден сабақ береді.
Buketov University