Кафедра

ШЕТЕЛ ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ

Оқытушылар: 28 Кафедра меңгерушісі Кафедра тарихы
Кафедра туралы

Шетел филологиясы кафедрасына қош келдіңіз!

Кафедра 6B02303 «Шетел филология (ағылшын)», 6B02303.1 «Шетел филологиясы (қытай)» бакалавриатының және 7M02301 «Шетел филология» магистратурасының білім беру бағдарламалары бойынша тіл және әдебиет саласындағы мамандарды дайындайды.
Дайындық екі траектория бойынша жүзеге асырылады: әдебиеттану және лингвистика.
Студенттер келесі пәндерді оқиды:
- бакалавриатта : «Іскерлік шет тілі», «Оқытылатын тіл елінің әдебиеті», «Әдеби түзету», «Мәтіннің лингвистикалық талдауы», «Стилистика», «Көркем мәтіннің филологиялық талдауы» т.б.;
- магистратурада: «Шетел тілі (кәсіби)», «Академиялық ғылыми хат», «Лингвистикадағы және әдебиеттанудағы инновациялар», «Қазіргі шетел филология ілімінің әдіснамасы», «Қазіргі ағылшын әдебиетінің құндылық доминанттары» т.б.
Кафедраның ПОҚ басқа да білім беру бағдарламаларының студенттеріне: «Оқытылатын тіл теориясының негіздері», «Оқытылатын тіл елінің әдебиеті», «Мәдениетаралық коммуникация теориясы мен практикасы», «Екінші шетел тілі (қытай тілі)» пәндерін оқытады.
Факультетте негізгі және екінші шет тілі ретінде тілдері ретінде Еуропалық және Шығыс тілдері оқытылады. Екінші шет тілін үйрену міндетті болып саналады жәнеде екінші курстан оның оқытылуы басталады. Тіл таңдау мәселесі студенттердің өз қалауларына негізделген.
Студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламаларына белсенді қатыса алады: Аньшань педагогикалық университеті, Шэньян педагогикалық университеті, Шихэцзы университеті (Қытай Халық Республикасы), Новосібір мемлекеттік педагогикалық университеті, Томск мемлекеттік педагогикалық университеті (Ресей Федерациясы), Адам Мицкевич атындағы университет (Польша), Бабес-Боляй университеті (Румыния), т.б.
Кафедра оқытушылары – бұл біздің елде ғана емес, шетелде де үлкен жұмыс тәжірибесін алған мамандар. Олардың көпшілігі шетелдік университеттерде тағылымдамадан өткен. Кафедра құрамына «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлері ф.ғ.д., профессор Исина Г.И., ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Какжанова Ф.А., «Болашақ» стипендиясының түлегі Омарова А.М. кіреді.
Кафедра кәсіби қарым-қатынас саласында тілді когнитивтік және функционалды-прагматикалық зерттеумен айналысады. Кафедрада ф.ғ.д., профессор Исина Г.И. , ф.ғ.д., профессор Букетова Н.И., ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Какжанова Ф.А., PhD Жұман А.Қ. жетекшілігімен ҚР БҒМ гранттық қаржыландыру шеңберінде, сондай-ақ ЖОО ішілік грант шеңберінде ғылыми жобалар жүзеге асырылуда.
2024 жылы кафедраның аға оқытушысы Омарова А.М. Translation Studies докторантура бағдарламасы бойынша Гонконг баптист университетінің (Hong Kong Baptist University) білім беру грантының иегері атанды.
7М02301 «Шетел филологиясы» бағыты бойынша кафедра Низами атындағы Өзбек ұлттық педагогикалық университетімен (Өзбекстан) бірлескен білім беру бағдарламасын жүзеге асырады..
Кафедра атынан шетелдік қонақ профессорлардың дәрістері, тренингтері ұйымдастырылады (Пономарева А.В., UCL университеті, Лондон, Literary theory / Translation theory; Dr. Rab Nawaz Lodhi, Орталық Пенджаб университеті, Пәкістан, Qualitative research design).
Кафедра түлектері білім беру және гуманитарлық мекемелерде, дипломатиялық ведомстволарда және коммерциялық фирмаларда, аударма қызметтерінде, бұқаралық ақпарат құралдарында, жарнамада, редакторлық және баспа қызметі саласында: филолог, редактор, корректор, копирайтер мамандар иесі ретінде ағылшын және қытай тілдерін тәжірибеде қолдана отырып, табысты жұмыс істеуде.
Кафедра оқытушылары жыл сайын Scopus және Web of Science дерекқорларында индекстелетін жоғары рейтингті ғылыми журналдарда өз зерттеулерінің нәтижелерін жариялайды (Исина Г.И., Какжанова Ф.А., Китибаева А.К., Букетова Н.И., Жұман А.Қ., Палина А.А., Бейсембаева А.У., Муканова Д.Е., Адамиди А.Д.). Сонымен қатар, кафедра оқытушылары ҒЖБССҚЕК ұсынған ғылыми журналдарда да жарияланымдар жасайды. Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы оқытылатын пәндер бойынша жүйелі түрде монографиялар мен оқу құралдарын әзірлейді.
Айта кету керек, кафедра оқытушылары өз қызметі аясында шетелдік лекторлар өткізетін біліктілікті арттыру курстарынан тұрақты түрде өтіп отырады. Бұл олардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді. Осындай ынтымақтастық аясында ҚарҰЗУ (Қарағанды ұлттык зерттеу университеті), ЧМПУ (Челябі мемлекеттік педагогикалық университеті), НМПУ (Новосібір мемлекеттік педагогикалық университеті), СамМШТИ (Самарқанд мемлекеттік Шет тілдері институты) оқытушылары халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жұмыстар байқауларын ұйымдастырып, өткізеді.
Біздің студенттеріміз Huawei және Coursera халықаралық білім беру платформаларында тегін оқудан өту мүмкіндігіне де ие.
Сондай-ақ кафедра оқытушылары студенттердің жан-жақты дамуына және жас мамандар арасындағы еңбек нарығында олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған түрлі ғылыми және тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастырып, өткізеді.
Кафедра құрамы

Оқытушылар