Университеттің даму бағдарламасы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 258 қаулысына сәйкес, «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 8) тармақшасына және «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 21-6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамына зерттеу университеті мәртебесі берілсін. 2. Қоса беріліп отырған «Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2024–2028 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Даму бағдарламасының мазмұны
Университеттің стратегиялық даму бағыттарын, мақсаттары мен негізгі басымдықтарын айқындайтын даму бағдарламасына жалпы шолу.
Ағымдағы жағдай және жетістіктер
Университеттің қазіргі даму деңгейіне, негізгі жетістіктеріне, әлеуеті мен болашақ даму мүмкіндіктеріне қысқаша шолу.
Нысаналы индикаторларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Даму бағдарламасының нысаналы индикаторларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (2024–2028).
Даму бағдарламасының нысаналы индикаторлары
«Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының даму бағдарламасының нысаналы индикаторлары.