Жаңалықтар

ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

1 мин. оқу
ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Ташкент мемлекеттік заң университетінде «Медиация рәсімдері негізінде дауларды шешудің электрондық платформасын құру» инновациялық жобасы аясында Үндістан мен Қазақстаннан шақырылған шетелдік сарапшылардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің Азаматтық және еңбек құқығы кафедрасының профессоры Нукушева А.А. қатысты.
Кездесу барысында электрондық медиация платформасының функционалдық мүмкіндіктерін жетілдіру, шетелдік тәжірибені енгізу, сондай-ақ ғылыми-практикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.
Іс-шара халықаралық тәжірибе алмасуға, кәсіби байланыстарды нығайтуға және медиация саласындағы ғылыми ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік берді.