Бөкетов ұлттық зерттеу университетінің дене мәдениеті және спорт факультетінің түлегі Аделина Земс жеңіл атлетикадан (Ахметова) Азия төрінде биік белесті бағындырды.
Жапонияда өтіп жатқан XX Жазғы Азия ойындарында Аделина әйелдер арасындағы 400 метрге кедергілер арқылы жүгіруден күміс жүлдеге ие болды.
Спортшы қашықтықты 54,58 секундта жүгіріп өтіп, мәреге екінші болып жетті. Осылайша, ол ел қоржынына кезекті жүлдені салып, жеңіс тұғырына көтерілді.
Университет түлегінің халықаралық додадағы толайым табысы — ұстаздары мен университет ұжымы үшін де үлкен мақтаныш.
Аделинаға алдағы жарыстарда толайым табыс, биік белестер, жаңа рекордтар және жеңісті жол тілейміз!
Ел намысын абыроймен қорғаған спортшымызға сәттілік серік болсын!
Жаңалықтар
АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕСІ
Buketov University