Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті Биология-география факультетінің өкілдері Польша Республикасының Варшава қаласындағы Кардинал Стефан Вышинский атындағы университетте (UKSW) ғылыми тағылымдамадан өтуде.
Зоология кафедрасының меңгерушісі, PhD, қауымдастырылған профессор Шәйбек Алтынай Жұпарқызы 2026 жылғы 21 қыркүйек – 3 қазан аралығында, ал Биология-география факультетінің 2-курс докторанты Болат Ақерке Болатқызы 21 қыркүйек – 20 қазан аралығында ғылыми тағылымдамадан өтуде.
Докторант Болат Ақерке Болатқызы диссертациялық жұмысы аясында профессор Анита Калышевичтің жетекшілігімен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Тағылымдама барысында зерттеу әдістерін жетілдіру, ғылыми зертхананың мүмкіндіктерімен танысу және диссертациялық жұмыстың практикалық бөлігін дамыту бағытында жұмыстар атқарылуда.
Сонымен қатар, Шәйбек Алтынай Жұпарқызы мен Болат Ақерке Болатқызы профессор Ежи Романовскийдің жетекшілігімен «Landscape Bioecology» тақырыбында біліктілікті арттыру курсынан өтуде.
Тағылымдаманың алғашқы күндерінде университеттің ғылыми-зерттеу бағыттары, зертханалық базасы мен материалдық-техникалық мүмкіндіктері кеңінен таныстырылып, алдағы кезеңде атқарылатын ғылыми жұмыстардың негізгі бағыттары мен міндеттері келісілді.
Ғылыми тағылымдама барысында халықаралық тәжірибе алмасуға, заманауи зерттеу әдістерін меңгеруге және ғылыми-зерттеу байланыстарын одан әрі дамытуға ерекше көңіл бөлінуде.
Халықаралық ғылыми ынтымақтастық – білім мен ғылымды дамытудың маңызды бағыты.
Buketov University