Бөкетов ұлттық зерттеу университетінде көрнекті ғалым, заң ғылымдарының кандидаты, ұстаз Мәжит Тайырұлы Имашевтің туғанына 100 жыл толуына орай университеттің лекциялық аудиториясына ғалымның есімі берілді.
Мәжит Тайырұлы Имашевтің Қазақстандағы жоғары заң білімінің қалыптасуы мен дамуына айрықша үлес қосып, ғылыми кадрлар мен жоғары білікті мамандар даярлады. 1975–1980 жылдары Қарағанды мемлекеттік университетінің Заң факультетінің алғашқы деканы қызметін атқарып, Заң факультетінің алғашқы деканы қызметін атқарып, факультеттің оқу-ғылыми жұмысының ұйымдастырылуына жетекшілік етті.
Ғалымның есімі берілген аудиторияда жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оқу кеңістігі жаңартылды. Аудитория заманауи оқу жабдықтарымен жарақтандырылып, студенттерге дәріс өткізуге қажетті жағдайлар жасалды.
Жөндеу жұмысын ғалымның отбасы өз қаражаты есебінен жүзеге асырды.
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті ғалым мұрасын сақтауға қосқан үлесі және университеттің материалдық-техникалық мүмкіндігін нығайтуға көрсеткен қолдауы үшін Имашевтер отбасына алғыс білдіреді!
Ғалым есімінің аудиторияға берілуі – Мәжит Тайырұлы Имашевтің ғылым мен білім саласындағы еңбегіне көрсетілген құрмет. Жаңартылған оқу кеңістігі оның есімін кейінгі буынмен сабақтастырып, студенттердің білім алуына жол ашады.
Жаңалықтар
МӘЖИТ ТАЙЫРҰЛЫ ИМАШЕВТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ АУДИТОРИЯҒА ҒАЛЫМ ЕСІМІ БЕРІЛДІ
Buketov University