Жаңалықтар

НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ СИМПОЗИУМ ӨТТІ!

1 мин. оқу
НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ СИМПОЗИУМ ӨТТІ!

24–25 қыркүйек күні Астанада әлемнің түкпір-түкпірінен келген археолог-ғалымдар бас қосып, Еуразия даласының ежелгі тарихы мен мәдениетіне қатысты зерттеулерін ортаға салды.
Назарбаев университетінде «Еуразия даласының ұлы белдеуі: уақыт пен кеңістіктегі мәдениеттер тоғысы» тақырыбында II халықаралық археологиялық симпозиум өтті.
Ғылыми басқосуға Қазақстан, АҚШ, Германия, Франция, Қытай, Ұлыбритания, Өзбекстан, Ресей және басқа да елден 150-ден астам ғалым қатысты.
Сонымен қатар, Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің ғалымдары да үлес қосты. Университетіміздің археологтары симпозиум жұмысына белсене қатысып, өз зерттеулерінің нәтижелерін ғылыми қауымдастық назарына ұсынды.
Ғалымдар:
қола дәуіріне жататын бірегей археологиялық ескерткіштерге;
ортағасырлардағы тарихи үдерістер мен мәдениетке;
дала өркениеттерінің хронологиясы мен даму эволюциясына арналған баяндамалар жасады.
Панельдік сессияларда мына мәселелер талқыланды:
Еуразия тас дәуірінің археологиялық мұрағаты ретіндегі үңгірлер. Оның ішінде Еуразиядағы жартас суреттері, микроморфология және ежелгі тұрақтар зерттелді.
Протоиндустриялық ландшафттар. Қола дәуіріндегі тау-кен және металлургия кешендері, сондай-ақ ежелгі өндіріс технологиялары қарастырылды.
Дала өркениетінің феномені. Көшпелі мәдениеттің қалыптасуы, киелі орындар мен халықтардың көші-қон үдерісі сөз болды.
Қазақстанның ортағасырлық археологиясы. Ежелгі қалалар, нумизматика, керамика және кеңістіктік зерттеудің заманауи әдістері талқыланды.
Ежелгі тарихымыздың құпиясын зерделеп, Қазақстанның археологиялық мұрасын әлемдік ғылыми қауымдастыққа танытып жүрген зерттеушілерімізді мақтан тұтамыз!