Жаңалықтар

FUZHENG EDUCATION ДЕЛЕГАЦИЯСЫ БӨКЕТОВ ҰЛТТЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ

FUZHENG EDUCATION ДЕЛЕГАЦИЯСЫ БӨКЕТОВ  ҰЛТТЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ
Бөкетов ұлттық зерттеу университетінде Қытай Халық Республикасының жетекші жоғары оқу орындарымен әріптестік байланыс орнататын Fuzheng Education компаниясының делегациясымен кездесу өтті.
Делегация құрамында Fuzheng Education компаниясының негізін қалаушы Цзэн Цзян Дун, халықаралық ынтымақтастық жөніндегі директоры Цзэн Жунь Хао, компанияның Қазақстан Республикасындағы бас өкілі Кәрімжан Алдабергенов, кеңесшісі Далида Алдабергенова, сондай-ақ Beijing Peiwen Investment Group вице-президенті, Орталық Азия өңірі бойынша бас директоры және Бейжің университеті жанындағы Peiwen зерттеу институты деканының орынбасары Хэ Пи У болды.
Кездесу барысында тараптар қос дипломды білім беру бағдарламаларын іске асыру, бірлескен білім беру жобаларын дамыту және жоғары білім беру саласындағы халықаралық серіктестіктің жаңа мүмкіндіктерін талқылады.
Кездесу қорытындысында тараптар серіктестікті одан әрі тереңдетуге, бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды жүзеге асыруға өзара ниет білдірді. Бұл бастама халықаралық академиялық байланысты нығайтып, ғылым мен білімнің өзара ықпалдастығын жаңа деңгейге көтеріп, университеттің әлемдік білім кеңістігіндегі беделін арттыруға мүмкіндік береді.