2026 жылғы 17 қыркүйекте Мансап бөлімі бітіруші курс білім алушыларына арналған Teach for Qazaqstan бағдарламасының өкілімен кездесу ұйымдастырды.
Кездесу барысында білім алушылар:
бағдарламаның қызметі мен негізгі бағыттары;
бағдарламаға қатысу мүмкіндіктері;
үміткерлерге қойылатын талаптар;
кәсіби даму мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпарат алды.
Бағдарлама өкілі білім алушылардың сұрақтарына жауап беріп, кәсіби және тұлғалық дамуға бағытталған мүмкіндіктермен таныстырды.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, білім алушылар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, болашақ кәсіби бағытына қатысты маңызды ақпарат алды.
Мұндай кездесулер бітіруші курс студенттерінің еңбек нарығындағы мүмкіндіктерді бағдарлауына, кәсіби жоспарларын нақтылауына және жаңа даму бағыттарын қарастыруына ықпал етеді.
Жаңалықтар
БОЛАШАҚ МАНСАПҚА ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР!
Buketov University