Бөкетов ұлттық зерттеу университетіне Прага қаласындағы Карл университетінің Жаратылыстану ғылымдары факультетінен екі қонақ дәріскер келді.
David Havlíček
Martin Štícha
Сапардың алғашқы күнінде қонақ дәріскерлерге Akylbayev Research Center орталығына экскурсия ұйымдастырылды. Ғалымдар орталықтың зертханалық мүмкіндіктерімен, ғылыми-зерттеу бағыттарымен және жүзеге асырылып жатқан жұмыстарымен танысты.
Алдағы күндері шетелдік мамандар білім алушыларға кристаллография және масс-спектрометрия бағыттары бойынша дәріс оқып, өздерінің ғылыми тәжірибесі мен кәсіби білімін бөліседі.
Қонақ дәріскерлердің университетке келуі – халықаралық академиялық байланыстарды нығайтып, ғылыми тәжірибе алмасуға және білім алушылардың заманауи ғылыми бағыттар бойынша білім көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік беретін маңызды қадам.
Жаңалықтар
ЧЕХИЯДАН ҚОНАҚ ДӘРІСКЕРЛЕР БӨКЕТОВ УНИВЕРСИТЕТІНЕ КЕЛДІ
Buketov University