11 қыркүйек күні Алматы қаласында ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының Жас ғалымдар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Отырыста Кеңестің жаңа құрамы бекітіліп, жас ғалымдарды қолдау, ғылыми этика мен зерттеу мәдениетін дамыту, ғылыми әзірлемелерді практикаға енгізу және ғылым мен инновацияны ілгерілету бағыттары айқындалды.
Бөкетов ұлттық зерттеу университетінің атынан Кеңес құрамына жас ғалым, постдокторант, бейорганикалық және техникалық химия кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD доктор Нұрғали Надырұлы Жанықұлов енді. Жаңартылған Кеңес құрамына еліміздің жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарынан 52 жас ғалым кірді. Кеңес құрамын жыл сайын жаңарту арқылы жас зерттеушілердің жаңа буынын ғылыми ортаға тарту көзделген.
Жас ғалымдар кеңесі жас зерттеушілердің ғылыми бастамаларын қолдауға, ғылымды дамытуға қатысты ұсыныстар әзірлеуге, форсайттық зерттеулерге және ғылыми-инновациялық үдерістерге белсенді атсалысатын болады.
Нұрғали Надырұлын жаңа жауапты міндетімен құттықтаймыз! Ғылыми ізденістеріне табыс, тың зерттеулеріне сәттілік және ел ғылымының дамуына бағытталған еңбегіне толағай жетістіктер тілейміз!
Жаңалықтар
БӨКЕТОВ ҰЛТТТЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖАС ҒАЛЫМЫ — ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ЖАС ҒАЛЫМДАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ
Buketov University