2026 жылдың 12 қыркүйегінде академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінде профессор-оқытушылық құрамы мен қызметкерлер арасында 10 шақырым қашықтыққа дәстүрлі жеңіл атлетикалық кросс өтті.
Жарыстың салтанатты ашылуында қатысушыларға Қ.Ш. Ақшалов құттықтау сөз сөйлеп, спортшыларға көтеріңкі көңіл-күй, өз күштеріне сенімділік және қашықтықты сәтті еңсерулеріне тілектестік білдірді.
Қатысушылар жоғары физикалық дайындықтарын, төзімділік және спорттық рух көрсетті. Қашықтыққа жүгіру спорттық жарыс қана емес, әріптестердің белсенді уақыт өткізіп, бірлікке шақыратын жақсы іс-шара болды.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Пайдалы демалыс ұйымдастырып, демеушілік көрсеткен – ҚарҰЗУ кәсіподағы. Кәсіподақ денсаулықты нығайтуға және білім ордамыздың ұжымдық мәдениетін дамытуға бағытталған спорттық бастамалар мен іс-шараларды қолдайды.
Барлық қатысушыларға спорттық жетістіктер, мол күш-қуат және мықты денсаулық тілейміз!
Жаңалықтар
БӨКЕТОВ УНИВЕРСИТЕТІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДӘСТҮРЛІ ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАЛЫҚ КРОССҚА ҚАТЫСТЫ
Buketov University