Жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ: БӨКЕТОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ АҚШ ЕЛШІЛІГІ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ: БӨКЕТОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ АҚШ ЕЛШІЛІГІ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
11 қыркүйек күні Бөкетов ұлттық зерттеу университетіне Қазақстан Республикасындағы Америка Құрама Штаттары Елшілігінің өкілдері келді. Кездесу халықаралық білім беру және мәдени байланыстарды одан әрі дамытуға арналған ашық пікір алмасу форматында өтті.
АҚШ Елшілігінің өкілдері:
Элизабет Мейер — Мәдениет мәселелері бөлімі қызметкері;
Айнұр Сембаева — түлектермен жұмыс жөніндегі үйлестіруші.
Бөкетов университеті атынан:
Ербол Сармурзин — Стратегиялық даму жөніндегі проректор;
Альфия Китибаева — Шетел тілдері факультетінің деканы қатысты.
Кездесу барысында тараптар бірлескен білім беру және мәдени жобаларды жүзеге асыру, академиялық ұтқырлықты дамыту, сондай-ақ студенттер мен оқытушылардың халықаралық бағдарламаларға қатысу мүмкіндіктерін кеңейту мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар білім беру саласындағы тәжірибе алмасу, жаңа бастамаларды бірлесіп жүзеге асыру және өзара ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары жөнінде пікір алмасты.
Халықаралық әріптестікті дамыту — университет қызметінің маңызды бағыттарының бірі. Мұндай кездесулер білім алушылар мен оқытушылардың халықаралық тәжірибемен танысуына, жаңа мүмкіндіктерді игеруіне және кәсіби байланыстарын кеңейтуіне жол ашады.
Кездесу соңында тараптар өзара естелік сыйлықтар мен университеттің имидждік бұйымдарын табыстады.