2026 жылғы 10 қыркүйекте «Қаржы» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері кураторымен бірге, сондай-ақ 1-курс магистранты Астана халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) өткен Astana Finance Days 2026 іс-шарасына қатысты.
Күн өте мазмұнды әрі қызықты өтті. Бағдарлама аясында панельдік сессиялар, тренингтер, кездесулер, көрмелер, интерактивті ойындар ұйымдастырылып, мұражайға бару мүмкіндігі берілді. Бұл іс-шаралар қатысушыларға жаңа білім алып қана қоймай, заманауи қаржы ортасының ерекшеліктерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді. Студенттер үшін қаржы нарығын дамытудың заманауи үрдістері, қаржы нарығын реттеу, инвестициялық қызмет және инвесторлардың экономика дамуындағы рөлі туралы пайдалы ақпарат алу ерекше маңызды болды. Іс-шараның ең әсерлі сәттерінің бірі — шетелдік және отандық қаржы саласының танымал сарапшыларын өз көздерімен көріп, олардың кәсіби пікірлерін тыңдау мүмкіндігі болды. Сарапшылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, қаржы нарығының қазіргі жағдайына баға беріп, маңызды қорытындылар жасап, оның одан әрі даму перспективаларына қатысты болжамдарымен бөлісті.
Astana Finance Days 2026 іс-шарасына қатысу студенттерге жаңа білім мен кәсіби тәжірибе беріп қана қоймай, жарқын әсерлер мен жағымды эмоциялар сыйлады. Сонымен қатар бұл олардың кәсіби көкжиегін кеңейтіп, қаржы саласында болып жатқан заманауи үдерістерді іс жүзінде түсінуге тамаша мүмкіндік болды.
Университет басшылығына және Экономика факультетінің деканы Е.Т. Ақбаевқа студенттерге жылдың басты қаржылық оқиғаларының біріне қатысуға мүмкіндік бергендері үшін зор алғысымызды білдіреміз!
Осындай іс-шаралар студенттерге білім алып қана қоймай, болашақ мамандығының нақты кәсіби ортадағы мүмкіндіктері мен перспективаларын көруге жол ашады.
Жаңалықтар
Студенттердің Astana Finance Days 2026 іс-шарасына қатысуы
Buketov University