Бөкетов ұлттық зерттеу университетінің № 7 Студенттер үйінде төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған жоспарлы эвакуациялық оқу-жаттығу өтті.
Оқу-жаттығу кезінде студенттерге өрт немесе өзге де төтенше жағдай туындаған жағдайда сақталуы тиіс негізгі қауіпсіздік ережелері таныстырылды. Ғимараттан шығу жолдары мен эвакуация тәртібі іс жүзінде көрсетіліп, білім алушылардың қауіпсіз аймаққа ұйымдасқан түрде шығуы пысықталды.
Жаттығу барысында жауапты қызметкерлердің міндеттері де назарға алынып, төтенше жағдай кезіндегі өзара іс-қимылдың тиімділігі тексерілді.
Жаңалықтар
ҚАУІПСІЗДІК — ОРТАҚ МІНДЕТ
Buketov University