Жаңалықтар

АКАДЕМИК Е.А. БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ҰЛТТЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ ФЕРҒАНА МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫН ҚАБЫЛДАУДА

2 мин. оқу
АКАДЕМИК Е.А. БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ҰЛТТЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ ФЕРҒАНА МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫН ҚАБЫЛДАУДА

2026 жылғы 26–27 қараша күндері академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінде Өзбекстан Республикасының Ферғана мемлекеттік техникалық университеті делегациясының ресми сапары өтуде.
Делегация құрамына төмендегі өкілдер кірді:
Хамдамова Шохида Шерзодовна — профессор, оқу ісі жөніндегі проректор;
Назарматов Охунжон Сотволдиевич — профессор, «Өндірістегі басқару» факультетінің деканы;
Муминова Элнорахон Абдукаримовна — профессор;
Кадиров Абдумалик Маткаримович — доцент, «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының меңгерушісі;
Ахунова Шохиста Номанжановна — доцент.
Сапар аясында өзбекстандық жоғары оқу орнының өкілдері академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ Экономика факультетінің Экономика және халықаралық бизнес кафедрасында студенттерге дәріс сабақтарын өткізуде. Мұндай кездесулер студенттерге шетелдік оқытушылардың тәжірибесімен танысуға, кәсіби ой-өрісін кеңейтуге және мамандарды даярлаудың заманауи тәсілдері туралы білім алуға мүмкіндік береді.
Сапар бағдарламасының маңызды бөлігі — 2026 жылғы 27 қарашада өтетін «Цифрлық экономика: бизнестің жаңа архитектурасы және құзыреттер трансформациясы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға делегация мүшелерінің қатысуы.
Екі университет арасындағы ынтымақтастық 2025 жылғы 26 мамырда жасалған ынтымақтастық туралы келісім негізінде жүзеге асырылуда. Әріптестіктің басым бағыттарының бірі — білім алушылардың академиялық ұтқырлығы. Бұл бағыт білім алмасуға, халықаралық тәжірибе жинақтауға және студенттердің кәсіби құзыреттерін дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Ферғана мемлекеттік техникалық университеті делегациясының сапары жоғары оқу орындары арасындағы байланысты нығайтуға, академиялық ынтымақтастықты кеңейтуге және бірлескен білім беру мен ғылыми қызметтің жаңа перспективаларын қалыптастыруға ықпал етеді.