Бөкетов ұлттық зерттеу университетінде Ресей биотехнологиялық университетінің (РОСБИОТЕХ, Ресей Федерациясы) халықаралық қызметті үйлестіру бөлімінің жетекші маманы Шыңғыс Рашидұлы Алабердовпен кездесу өтті.
Кездесудің басты тақырыбы университеттер арасындағы 2024 жылғы 24 желтоқсанда жасалған қолданыстағы келісім аясында серіктестік байланыстарды кеңейту және академиялық әрі ғылыми ынтымақтастықты дамыту болды.
Кездесу барысында бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру, қос дипломды бағдарламаларды ашу, ғылыми тағылымдамалар ұйымдастыру, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту мәселелері қарастырылды.
Бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, тәжірибе алмасу, қонақ дәрістер мен ғылыми семинарлар ұйымдастыру мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары қатарында биология, биотехнология, биоинженерия, химиялық технологиялар, фармацевтикалық биотехнология, тағам инженериясы және ақпараттық технологиялар бар.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар халықаралық байланыстарды нығайтуға, білім беру сапасын арттыруға және университеттердің ғылыми әлеуетін дамытуға бағытталған бірлескен бастамаларды жүзеге асырудың алдағы қадамдарын белгіледі.
Халықаралық серіктестік – білім, ғылым және кәсіби дамудың жаңа мүмкіндіктері!
Buketov University