Жаңалықтар

«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ»: ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІНДЕ ТАНЫМДЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

1 мин. оқу
«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ»: ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІНДЕ ТАНЫМДЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

24 қараша күні Бөкетов ұлттық зерттеу университетінің Тарих факультетінде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында мазмұнды кездесу өтті.
Жобаның негізгі мақсаты — жас жігіттердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем әдебиет арқылы дүниетанымын кеңейту, ойлау мәдениетін қалыптастыру және кітап оқуды күнделікті өмір салтына айналдыру.
Кездесуді Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің директоры С. М. Мүбәрак жүргізді. Басқосуға Филология факультеті Қазақ әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры Айтбай Ботпайұлы Жұмағұлов пен жобалық кеңсе жетекшісі Аида Бағдатқызы Есеналина қатысты.Кездесу барысында кітап оқудың жеке тұлғаның қалыптасуындағы рөлі, көркем әдебиеттің адам танымына ықпалы, ұлттық әдеби мұраны зерделеудің маңызы сөз болды. Сонымен қатар жастардың оқу мәдениетін қалыптастыру, оқыған шығармасын талдап, одан тағылым алу мәселелері қозғалды.
Кітап – адамды ойлануға, ізденуге, дүниеге өзгеше көзқараспен қарауға жетелейтін рухани қазына. Ал оны тұрақты оқуға айналдыру – саналы таңдау мен табанды дағдының нәтижесі. «Кітап оқитын ұл» жобасы жастардың бойында осы құндылықтарды қалыптастырып, білімді, ойлы әрі ізденімпаз буынның өсуіне ықпал етуді көздейді.