Бүгін Бөкетов ұлттық зерттеу университетінде жастар арасында дропперліктің алдын алуға бағытталған «Сенің картаң – сенің болашағың» әлеуметтік жобасы аясында студенттермен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Кездесу барысында қатысушыларға қаржылық алаяқтықтың кең таралған тәсілдері, банк картасын бөгде адамдарға берудің қауіптері мен заңсыз қаржылық операцияларға қатысудың құқықтық салдары түсіндірілді.
Ашық диалог форматында өткен кездесуде студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, өмірде кездесетін түрлі жағдайларды талқылады. Сондай-ақ қаржылық және құқықтық қауіпсіздік мәселелері бойынша мамандардан жауап алды.
Жоба алдағы уақытта қаладағы колледждер мен жоғары оқу орындарында жалғасын табады.
Бастаманың негізгі мақсаты — жастардың қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыру, оларды алаяқтық әрекеттерге және заңсыз қаржылық операцияларға тартудың алдын алу.
«Сенің картаң – сенің болашағың». Болашағыңды өзгенің қолына тапсырма!
Жаңалықтар
«СЕНІҢ КАРТАҢ – СЕНІҢ БОЛАШАҒЫҢ»: ЖАСТАР АРАСЫНДА ДРОППЕРЛІКТІҢ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Buketov University