Жаңалықтар

БӨКЕТОВ ҰЛТТЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЕКІ СТУДЕНТІ ДЗЮДОДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ

1 мин. оқу
БӨКЕТОВ ҰЛТТЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЕКІ  СТУДЕНТІ ДЗЮДОДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ

Бөкетов ұлттық зерттеу университетінің студенттері халықаралық татамиде ел намысын абыроймен қорғап, дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын және қола медаль жеңіп алды.
21 қараша күні Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өткен әлемдік біріншілікте Санжар Ерұланұлы қарсыластарына дес бермей, чемпиондық атаққа қол жеткізді. Ол алтын медаль иеленіп, жастар арасында әлем чемпионы атанды. Ал Асқар Біржанов жарыстың қола жүлдесін жеңіп алып, әлем чемпионатының жеңіс тұғырынан көрінді.
82 елден 594 спортшы қатысқан байрақты бәсекеде қос студентіміздің жүлдегер атануы – айтулы жетістік. Әлемдік деңгейдегі жарыста үздіктер қатарынан көріну спортшылардың жоғары дайындығы мен табанды еңбегінің нәтижесін көрсетті.