Жаңалықтар

ҚАРНИУ ПРОФЕССОРЫ ТАШКЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МАГИСТРАНТТАРЫНА ШЕБЕРЛІК САҒАТЫН ӨТКІЗДІ

1 мин. оқу
ҚАРНИУ ПРОФЕССОРЫ ТАШКЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МАГИСТРАНТТАРЫНА ШЕБЕРЛІК САҒАТЫН ӨТКІЗДІ

2026 жылғы 19 қарашада академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің профессоры Абзал Мұхаметжанович Серікбаев Ташкент мемлекеттік заң университетінің «Қылмыстық заңнаманы қолдану теориясы мен практикасы» білім беру бағыты бойынша білім алып жатқан магистранттарына «Жаза: ұғымы, мақсаттары, жүйесі және түрлері (Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының заңнамасы бойынша)» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді.

Шеберлік сағаты барысында қылмыстық жаза институтының теориялық және практикалық аспектілері, оның құқықтық табиғаты, мақсаттары, жүйесі мен Қазақстан Республикасы және Өзбекстан Республикасының қылмыстық заңнамасында көзделген жаза түрлері қарастырылды.

Екі мемлекеттің заңнамаларына салыстырмалы-құқықтық талдау жасауға, қылмыстық жазаны құқықтық реттеудегі ортақ тәсілдер мен ерекшеліктерді анықтауға, сондай-ақ қылмыстық саясатты ізгілендіру және жазаны даралау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Өткізілген шеберлік сағаты магистранттардың кәсіби білімдерін тереңдетуге, салыстырмалы-құқықтық ойлау қабілетін дамытуға және қылмыстық заңнаманың қазіргі даму үрдістері туралы түсініктерін кеңейтуге ықпал етті.

Аталған іс-шара халықаралық ғылыми-білім беру ынтымақтастығын нығайтуға және қылмыстық құқық саласындағы академиялық тәжірибе алмасуға қосылған маңызды үлес болды.