Жаңалықтар

БӨКЕТОВ ҰЛТТЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ – ӘЛЕМНІҢ ҮЗДІК УНИВЕРСИТЕТТЕРІ ҚАТАРЫНДА!

1 мин. оқу
БӨКЕТОВ ҰЛТТЫҚ ЗЕРТТЕУ  УНИВЕРСИТЕТІ – ӘЛЕМНІҢ ҮЗДІК УНИВЕРСИТЕТТЕРІ ҚАТАРЫНДА!

Бөкетов ұлттық зерттеу университеті QS Stars халықаралық бағалау жүйесі бойынша 4 жұлдызға ие болып, Very Good («Өте жақсы») деңгейіндегі бағаға қол жеткізді.

Мұндай жоғары баға университет қызметінің тоғыз бағытын қамтыған тәуелсіз сараптама нәтижесінде берілді. Бағалау барысында білім беру сапасы, ғылыми-зерттеу жұмыстары, халықаралық ынтымақтастық, түлектерді жұмыспен қамту және әлеуметтік ықпал секілді маңызды көрсеткіштер ескерілді.

Университеттің тағы бір елеулі жетістігі – QS World University Rankings 2027 халықаралық рейтингіне еніп, 951–1000 орындар аралығынан көрінуі.

Бұл нәтижелер университеттің халықаралық деңгейдегі беделінің артып, ғылыми-білім беру әлеуетінің нығайып келе жатқанын және жоғары білім сапасын әлемдік стандарттарға сай дамыту бағытындағы жұмысының жүйелі жүргізіліп жатқанын көрсетеді.

Университет ұжымын халықаралық деңгейдегі жоғары бағамен және жаңа жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстар мен биік белестер тілейміз!