Жаңалықтар

Е.А. БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРҰЗУ — ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ ҚАТАРЫНДА

Е.А. БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРҰЗУ — ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ ҚАТАРЫНДА
Қазақстан Республикасы Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз агенттігінің (ІQAA) ЖОО білім беру бағдарламалары рейтингі — 2026 нәтижелері жарияланды.
Рейтингке академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ-дың 153 білім беру бағдарламасы қатысып, ранжирлеу қорытындысы бойынша 106 білім беру бағдарламасы жүлделі орындарға ие болды.
1-орын — 21 білім беру бағдарламасы:
15 бакалавриат бағдарламасы
5 магистратура бағдарламасы
1 докторантура бағдарламасы
2-орын — 58 білім беру бағдарламасы:
25 бакалавриат бағдарламасы
22 магистратура бағдарламасы
11 докторантура бағдарламасы
3-орын — 27 білім беру бағдарламасы:
11 бакалавриат бағдарламасы
11 магистратура бағдарламасы
5 докторантура бағдарламасы
Университетіміз білім берудің жоғары сапасы мен профессор-оқытушылар құрамының кәсібилігін кезекті рет дәлелдеді. Бұл жетістік — оқытушылардың, білім алушылардың және университет қызметкерлерінің ортақ табысы.
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің барша ұжымын жоғары нәтижелерімен құттықтаймыз!