Жаңалықтар

СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК, АДАМИ КАПИТАЛ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ: БӨКЕТОВ ҰЛТТЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСШЫЛЫҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМҒА ҚАТЫСТЫ

2 мин. оқу
СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК, АДАМИ КАПИТАЛ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ: БӨКЕТОВ ҰЛТТЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСШЫЛЫҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМҒА ҚАТЫСТЫ

Күні кеше елордамыз Астана қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен III Стратегиялық серіктестер форумы өтіп жатыр. Маңызды халықаралық жиынға Бөкетов ұлттық зерттеу университетінің ректордың м.а. М.М. Умуркулова мен Стратегиялық даму және тәуекелдерді басқару департаментінің директоры Г.С. Тишмаганбетова қатысты.
Форумның күн тәртібінде жаңа Конституция, адами капиталды дамыту, стратегиялық серіктестікті нығайту, Қазақстанның халықаралық рейтингтердегі жетістіктері және жоғары білім беру жүйесін интернационалдандыру мәселелері қамтылған.
Мемлекет басшысы өз сөзінде ғылым мен білімнің жаһандық өркениетті дамытудағы айрықша рөліне тоқталып, Қазақстанның жоғары білім мен халықаралық академиялық ынтымақтастық саласындағы стратегиялық мақсатын айқындады.
«Біздің стратегиялық мақсатымыз – елімізді Орталық Азиядағы академиялық хабқа айналдыру, жаһандық білім нарығының, әсіресе, өзекті әрі сапалы білім нарығының бір бөлігі болу», – деді Президент.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жоғары білім саласындағы халықаралық жетістіктеріне тоқталды. Оның айтуынша, биыл 18 қазақстандық университет QS World University Rankings рейтингіне енсе, 10 жоғары оқу орны 2027 жылғы Times Higher Education рейтингіне қосылған. Сондай-ақ Қазақстан 2026 жылғы Жаһандық инновация индексінде өңір елдері арасында жоғары көрсеткішке қол жеткізген.
 Президент ғылым мен білімде формализмге жол бермей, ғылыми жетістіктерді нақты нәтижеге бағыттау қажеттігін атап өтті. Бұл ретте жоғары оқу орындарының халықаралық байланысын кеңейту, білім сапасын арттыру және академиялық бәсекеге қабілеттілікті нығайту мәселелері айрықша маңызға ие.
Бөкетов ұлттық зерттеу университеті үшін де халықаралық академиялық кеңістікке кірігу, ғылыми-білім беру ынтымақтастығын дамыту және білім сапасын жетілдіру стратегиялық басымдықтардың бірі саналады