Бүгін Бөкетов ұлттық зерттеу университетінің дендросаябағында аумақты көгалдандыруға бағытталған экологиялық акция өтті. Іс-шара барысында 180-ге жуық көшет отырғызылып, университет аумағының жасыл желегі толықты.
Атап айтқанда, 45 түп жас қарағай мен қарақат бұталары отырғызылды.
Бұл жұмыстар саябақ аумағын көркейтіп, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға да ықпал етеді.
Қарағай – ауаны тазартуға көмектесетін қылқанжапырақты ағаш. Оның қылқаны фитонцидтер бөліп шығарады. Бұл заттар көптеген бактериялар мен микроорганизмдердің дамуын тежейді. Сонымен қатар қарағайдың табиғи хош иісі айналаға ерекше балғындық сыйлайды.
Ал қарақат жемісі С дәрумені мен антиоксиданттарға бай. Ол ағзаның иммундық жүйесін қолдауға пайдалы.
Бүгінгі экологиялық акция —университет аумағын абаттандырумен қатар, табиғатты қорғауға және келер ұрпаққа қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған нақты қадам.
Өйткені жасыл университет әрбір отырғызылған ағаштан басталады!
Жаңалықтар
ӘР ЕГІЛГЕН АҒАШ – ЖАСЫЛ БОЛАШАҚҚА ҚОСЫЛҒАН ҮЛЕС! БӨКЕТОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДЕНДРОСАЯБАҒЫНДА 180-ГЕ ЖУЫҚ КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
Buketov University