Жаңалықтар

ҒАЛЫМДАРЫМЫЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ DATA SCIENCE ЖӘНЕ AI КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

1 мин. оқу
ҒАЛЫМДАРЫМЫЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ DATA SCIENCE ЖӘНЕ AI КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

2026 жылғы 12–14 қарашада академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті заң факультетінің ғылыми қызметкерлері Байкенжина Ш.Т., Альбекова М.Г. және Шульгин Е.П. Малайзияның Куала-Лумпур қаласындағы Malaysian Technology University университетінде өткен 4-ші Халықаралық Data Science and Artificial Intelligence конференциясына қатысты.
Конференция Қытай, Индонезия, Нидерланд, Ливан, Таиланд, Үндістан және Шри-Ланка сияқты түрлі елдерден келген зерттеушілердің басын қосты.
Конференцияның негізгі секцияларымен қатар, Artificial Intelligence және Data Science салаларындағы жекелеген зерттеулер мен практикалық әзірлемелер таныстырылған постерлік сессиялар да ұйымдастырылды.
Сапар аясында Malaysian Technology University-дің Жасанды интеллект факультетіне де бару жүзеге асырылды.
Сонымен қатар, ғылыми қызметкерлер Malaysian Technology University кітапханасына барып, оның білім беру және ғылыми инфрақұрылымымен танысты.
Сапар қорытындысы бойынша қатысушылар жасанды интеллект, цифрландыру және пәнаралық зерттеулер саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың, сондай-ақ алынған халықаралық тәжірибені университеттің ғылыми және білім беру қызметіне интеграциялаудың маңыздылығын атап өтті.