Астана қаласында өтіп жатқан Стратегиялық әріптестердің III халықаралық форумы аясында жоғары білім беру саласының өкілдерін марапаттау рәсімі өтті.
Бөкетов ұлттық зерттеу университетінің Қашықтан білім беру орталығының жетекшісі Гаухар Жеңісқызы Жетімекова «Coursera үздік үйлестірушісі» номинациясы бойынша марапатқа ие болды.
Бұл марапат – маманның кәсіби біліктілігі мен өз ісіне деген жауапкершілігінің, цифрлық білім беруді дамытуға, заманауи оқыту технологияларын енгізуге және онлайн білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге қосқан үлесінің нәтижесі.
Гаухар Жеңісқызын лайықты марапатымен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта да кәсіби жетістіктеріңіз артып, жаңа білім беру бастамаларыңыз сәтті жүзеге ассын! Шығармашылық шабыт пен толағай табыс тілейміз!
Университет ұжымы әріптестерінің жетістігін мақтан тұтады!
Жаңалықтар
КӘСІБИ ЖЕТІСТІККЕ БЕРІЛГЕН БАҒА: УНИВЕРСИТЕТ ӨКІЛІ – «COURSERA ҮЗДІК ҮЙЛЕСТІРУШІСІ»
Buketov University