Бөкетов ұлттық зерттеу университетінде «Әділет» партиясы мен облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттардың қатысуымен студенттермен кездесу өтті.
Басқосудың мақсаты —жастарды қоғамдық-саяси үдерістерге тарту, өңірдің өзекті мәселелерін талқылау және кандидаттардың сайлауалды бағдарламаларымен таныстыру.
Кездесуде кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, өздерінің сайлауалды ұстанымдары мен алдағы жоспарлары туралы баяндады. Атап айтқанда, заң мен тәртіп қағидаттарын нығайту, құрылыс саласын дамыту, жастарды қолдау және олардың қоғам өміріндегі белсенділігін арттыру мәселелеріне тоқталды.
Студенттер де әңгімеге белсене қатысып, өздерін толғандырған сауалдарын қойды. Жастар білім беру, әлеуметтік қолдау, жұмысқа орналасу және өңірдің дамуына қатысты мәселелерді көтеріп, кандидаттармен ашық пікір алмасты.
Мұндай жиындар жастар мен кандидаттар арасында өзара пікір алмасуға, қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді.
Жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ЖӘНЕ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ КАНДИДАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Buketov University