Жаңалықтар

ЕРЕВАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУ

2 мин. оқу
ЕРЕВАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУ

2026 жылғы 12–14 қараша аралығында AP26101969 «Жаһандану, цифрландыру және білім берудің инклюзивтілігі жағдайында инновациялық және белсенді педагогті даярлау мен оның кәсіби дамуының синергетикалық моделін әзірлеу және енгізу» гранттық жобасының зерттеу тобының мүшелері: педагогика ғылымдарының докторы, профессор Абильдина Салтанат Куатовна, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Карстина Светлана Геннадьевна, педагогика және психология магистрі, аға оқытушы, докторант Омарова Марал Кубегеновна Армения Республикасының Ереван қаласындағы Ереван мемлекеттік университетінде өткен «Қолданбалы әлеуметтану бүгін және ертең: сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» атты халықаралық ғылыми конференцияға қатысты.
Конференция жасанды интеллект пен цифрлық трансформациялар жағдайында қоғам мен білім беруді дамытудың мүмкіндіктерін талқылау мақсатында 50-ге жуық халықаралық ғалым мен сарапшының басын қосты.
«Жасанды интеллект: әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар үшін тәуекелдер мен мүмкіндіктер» атты тақырыптық секция аясында «Қазіргі білім берудегі жасанды интеллекттің оқытушының кәсіби қызметіне әсері: әлеуметтік сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» тақырыбындағы ғылыми баяндама ұсынылды.
Халықаралық конференцияға қатысу ғылыми жоба нәтижелерін халықаралық академиялық қауымдастыққа таныстыруға, зерттеу тәжірибесімен алмасуға және алдағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылауға мүмкіндік берді.
Ереван мемлекеттік университетіне сапар аясында университет өкілдерімен жұмыс кездесулері өткізілді. Кездесулер барысында жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты дамыту, академиялық және ғылыми байланыстарды кеңейту, сондай-ақ бірлескен ғылыми-зерттеу жобалары мен білім беру бастамаларын іске асыру мүмкіндіктері талқыланды.