2026 жылғы 12 қарашада Қарағанды облысының жоғары оқу орындары арасында Студенттік лига аясында дзюдодан жарыс өтті. Спорттық дода Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің №7 оқу корпусында, дене шынықтыру және спорт факультетінің базасында ұйымдастырылды.
Жарыс қорытындысы бойынша заң факультетінің Ю-24-4р тобының 3-курс студенті Әмірова Айша 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде І орын иеленді!
Заң факультетінің ұжымы Айшаны айтулы жетістігімен шын жүректен құттықтайды!
Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, спортта толағай табыстарға, оқуда үздік нәтижелерге қол жеткізуіне тілектеспіз!
Жаңалықтар
ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ ДЗЮДОДАН І ОРЫН ИЕЛЕНДІ!
Buketov University