Қаржыгерлер күні қарсаңында Бөкетов ұлттық зерттеу университетінің Экономика факультетінде студенттер арасында «Не? Қайда? Капитал!» атты зияткерлік ойын ұйымдастырылды.
Сайысқа қатысушылар экономикалық мәселелерді талқылап, түрлі жағдаяттардың шешімін іздеді. Логикалық тапсырмалар мен тәжірибелік кейстерді орындау барысында білім деңгейін, сараптамалық қабілетін және ұтымды шешім қабылдай білу дағдыларын көрсетті.
Ойынның негізгі мақсаты – студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыру, кәсіби білімін бекіту және болашақ мамандардың аналитикалық ойлау қабілетін дамыту. Сонымен қатар қатысушылар өзара білім алмасып, командалық жұмыс тәжірибесін шыңдады.
Зияткерлік сайысты «Қаржы» кафедрасы ұйымдастырды.
Білім мен тапқырлықты ұштастырған бұл басқосу студенттердің кәсіби әлеуетін танытып, қаржы саласына деген қызығушылығын арттыра түсті.
Барша қаржы саласының мамандарын келе жатқан кәсіби мерекесімен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жемісті, бастамаларыңыз табысты болсын!
Жаңалықтар
«НЕ? ҚАЙДА? КАПИТАЛ!» – БОЛАШАҚ ҚАРЖЫГЕРЛЕРДІҢ ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ!
Buketov University