Жаңалықтар

БӨКЕТОВ ҰЛТТЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ IV ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ КОНГРЕСКЕ ҚАТЫСТЫ

1 мин. оқу
БӨКЕТОВ ҰЛТТЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ IV ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ КОНГРЕСКЕ ҚАТЫСТЫ

2026 жылдың 7 қараша күні Алматы қаласында «Қазақстан қоғамының философиясы: құндылықтық бағдарлар және даму перспективалары» тақырыбында IV Қазақстандық философиялық конгресс өтті.
Ғылыми жиында қазіргі философиялық ойдың даму бағыттары, ұлттық құндылықтардың сабақтастығы, гуманитарлық білімнің келешегі және жасанды интеллект дәуіріндегі философияның орны кеңінен талқыланды.
Конгресс жұмысына Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің ғалымдары мен оқытушылары қатысты:
Б.Ы. Кәріпбаев – философия ғылымдарының докторы, профессор;
М.М. Манасова – PhD, қауымдастырылған профессор;
Ы.Ж. Анламасова – аға оқытушы.
Конгрестің пленарлық отырысында профессор Б.Ы. Кәріпбаев цифрлық теңсіздік мәселесіне арналған баяндама жасап, осы бағыттағы өзекті мәселелерді ғылыми тұрғыдан саралады. Сонымен қатар Байжол Ысқақұлы Қазақстандық философиялық конгресс президентінің кеңесшісі болып сайланды.
Конгресс аясында ұйымдастырылған «Философиялық ойлау мәдениеті және оның білім беру жүйесіндегі орны» атты секцияда университеттің еңбек сіңірген профессоры, философия ғылымдарының докторы Владимир Степанович Батурин де баяндама жасады.
Басқосуда цифрлық трансформация жағдайындағы гуманитарлық білімнің маңызы, түркі философиясының дамуы, тарихи-рухани мұраны жаңаша зерделеу және ұлттық бірегейлікті нығайту мәселелері талқыланды.
Университет ғалымдарының республикалық ғылыми алаңдағы белсенділігі отандық философияның дамуына, ғылыми тәжірибе алмасуға және академиялық байланысты нығайтуға қосылған үлес болды.
Әріптестерімізді құттықтап, ғылыми ізденістеріне толағай табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!