Бүгін Бөкетов ұлттық зерттеу университетінің Биология-география факультетінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында көтерілген негізгі міндеттерді талқылауға арналған кездесу өтті.
Жиында Мемлекет басшысы айқындаған басым бағыттар, атап айтқанда, инфрақұрылымды дамыту, жасанды интеллектіні енгізу және география ғылымының елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызын арттыру мәселелері кеңінен сөз болды.
Қатысушылар өңірлердің орнықты дамуын қамтамасыз етудегі заманауи инфрақұрылымның рөліне ерекше тоқталды. Сондай-ақ халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға жол ашатын жаңа мүмкіндіктер мен қызметтің түрлі салаларын цифрландыру мәселелері талқыланды.
Кездесуде жасанды интеллектіні дамытуға да айрықша назар аударылды. Қазіргі цифрлық технологияларды білім беру мен ғылыми-зерттеу жұмыстарына енгізу, заман талабына сай мамандар даярлау және жас ұрпақтың жаңа құзыреттерін қалыптастыру қажеттігі атап өтілді.
География ғылымының ғылыми әрі практикалық маңызы да назардан тыс қалмады. Географиялық зерттеулер табиғи ресурстарды зерделеу, экологиялық ахуалды бағалау, аумақтық дамуды жоспарлау және Қазақстан өңірлерінің әлеуетін тиімді пайдалану ісінде маңызды рөл атқарады.
Басқосу барысында қатысушылар көтерілген мәселелер төңірегінде пікір алмасып, Президент белгілеген міндеттерді жүзеге асыруда ғылыми және білім беру қауымдастығының белсенділігі маңызды екенін жеткізді.
Мұндай кездесулер жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастырып, ел дамуының стратегиялық басымдықтарын тереңірек түсінуіне ықпал етеді. Сонымен қатар әрбір маманның Қазақстанның болашағын қалыптастырудағы жауапкершілігін арттыра түседі.
Ел болашағы – сапалы білімде, ғылымдағы жаңа ізденістер мен белсенді азаматтық ұстанымда!
Жаңалықтар
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ: ИНФРАҚҰРЫЛЫМ, ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ
Buketov University