Бүгін академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінде «Студенттік бастама – өңірлік ынтымақтастықтың негізі» тақырыбында жастар көшбасшыларын бір ортаға жинаған кездесу өтті.
Жиын университетаралық диалог орнатуға, тәжірибе алмасуға және жоғары оқу орындары арасындағы өзара байланысты нығайту перспективаларын талқылауға арналған алаңға айналды.
Іс-шараға Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің, Петр Поспелов атындағы Қарағанды медицина университетінің, «Bolashaq» академиясының, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің және академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің студенттік қоғамдастық өкілдері қатысты.
Мұндай бастамалар жоғары оқу орындары арасындағы әріптестік байланысты нығайтуға, студенттік көшбасшылықты дамытуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға жол ашады. Себебі белсенді жастар – оң өзгерістердің қозғаушы күші әрі еліміздің жарқын болашағы!
Жаңалықтар
СТУДЕНТТІК БАСТАМА – ӨҢІРЛІК ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ НЕГІЗІ
Buketov University