Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеттің Басқарма Төрағасы – Ректоры, ҚР Президенті жанындағы ҰҒА академигі, мемлекет қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан Орынбасарұлы Дулатбеков «Әділет» партиясы атынан Қазақстан Республикасы Құрылтайының І шақырылымының депутаты ретінде сайланды.
Ғылым мен білім саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан Нұрлан Орынбасарұлы – жоғары білімнің дамуына, заң ғылымына және жастардың сапалы білім алуына зор үлес қосып жүрген білікті маман.
Құрылтай депутаттығы – елдің болашағына қатысты маңызды мәселелерді талқылап, қоғамның ұсыныстары мен азаматтардың үнін жеткізуге үлкен жауапкершілік жүктейді.
Нұрлан Орынбасарұлына жаңа қызметінде сәттілік, ел игілігі жолындағы еңбегіне толағай табыс тілейміз!
Ел болашағы – білімді ұрпақ пен жауапты азаматтардың қолында!
Жаңалықтар
НҰРЛАН ОРЫНБАСАРҰЛЫ ДУЛАТБЕКОВ – ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТЫ
Buketov University