11 қараша күні Бөкетов ұлттық зерттеу университетінің Филология факультетінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген басым бағыттарды талқылауға арналған кездесу өтті.
Жиынның спикері – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры, Қарағанды облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Серікжан Берікбайұлы Байбосынов.
Кездесуде Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған ел дамуының негізгі басымдықтары, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және алдағы кезеңге қойылған міндеттер кеңінен сөз болды.
Спикер Жолдауда қамтылған өзекті мәселелерге тоқталып, олардың маңызын түсіндірді. Студенттер де талқылауға белсенді қатысып, көкейлеріндегі сауалдарын қойды. Сұрақтарға жауап беріліп, өзара пікір алмасу өрбіді.
Кездесу соңында Филология факультетінің деканы Ә.М. Жақулаева Серікжан Берікбайұлына мазмұнды кездесуі мен тағылымды әңгімесі үшін алғыс хат табыстап, естелік сыйлық ұсынды.
Жаңалықтар
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН МАҢЫЗДЫ МІНДЕТТЕР
Buketov University