Ғылыми кеңестің кезекті отырысында маңызды мәселелердің бірі — Бөкетов ұлттық зерттеу университетінің жаңа оқу жылына дайындығы талқыланды. Отырыс Басқарма Төрағасы - Ректор Н.О. Дулатбековтің төрағалығымен өтті.
Көрсетілген сандар мен баяндалған есептердің артында университет студенттерін жайлы, жаңартылған әрі жаңа мүмкіндіктерге дайын ортада қарсы алу үшін күн сайын аянбай еңбек етіп жүрген жандардың үлкен еңбегі жатыр.
Бүгінде:
Оқу аудиторияларында жөндеу жұмыстары жүргізіліп, дәрістер өткізуге толық дайындалды.
Студенттер үйлері студенттерді қабылдап, орналастыруға дайын.
Жақында университет дәліздері қайтадан студенттердің үніне және жаңа оқу жылының ерекше атмосферасына толады.
Бірінші курс студенттері үшін бұл — үлкен өмір жолына алғашқы баспалдақ болса, жоғары курс студенттері үшін — өздеріне әрдайым ыстық қара шаңыраққа қайта оралу.
Жаңа оқу жылы әр студентке жаңа білім, жақсы таныстықтар және өз жетістіктерімен мақтануға себеп болсын!
Жаңалықтар
ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ!
Buketov University