Жаңалықтар

ДИАС КЕНЖЕБЕК «ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

1 мин. оқу
ДИАС КЕНЖЕБЕК «ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

9 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Азия және Пара Азия ойындарының жеңімпаздарымен кездесіп, халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғаған спортшыларға лайықты құрмет көрсетті.

Мәртебелі марапатқа ие болған спортшылар қатарында Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің 2-курс магистранты Диас Кенжебек те бар.

Мемлекет басшысы жас чемпион Диас Кенжебекке «Ерен еңбегі үшін» медалін өз қолымен табыстады.

Бұл – спортшының табанды еңбегі мен қажырлы дайындығының, биік мақсатқа деген ұмтылысының жемісі.

Университетіміздің мақтанышы Диасты айтулы жетістігімен және жоғары мемлекеттік марапатымен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыс, жаңа жеңістер мен биік белестер тілейміз!