4 қараша күні Бөкетов ұлттық зерттеу университетінің Филология факультетінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына арналған танымдық сабақ ұйымдастырылды.
Кездесуді Журналистика кафедрасының аға оқытушысы Н.К. Сиязбаев жүргізді. Сабақ барысында Мемлекет басшысының ел болашағына қатысты стратегиялық ұстанымдары, қоғам мен мемлекет дамуына серпін беретін бастамалары кеңінен сөз болды.
Талқылау барысында студенттер Жолдауда қамтылған өзекті мәселелерге назар аударып, олардың ел өміріндегі маңызы жөнінде ой қозғады. Ашық пікір алмасу форматында өткен сабақта білім алушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ұсынылған бастамаларға қатысты өз тұжырымдарын ортаға салды.
Мұндай мазмұнды кездесулер жастардың елдегі саяси-әлеуметтік үдерістерге деген қызығушылығын арттырып, азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және қоғамдық маңызы бар мәселелерге саналы көзқараспен қарауына ықпал етеді.
Жаңалықтар
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ: ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Buketov University