Жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

1 мин. оқу
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Шетелдік ғылыми тағылымдама аясында азаматтық және еңбек құқығы кафедрасының профессор-зерттеушісі Нукушева Айгүл Ашимовна Тбилиси мемлекеттік университетінде (Тбилиси қ., Грузия) өткен «Меншік құқығы, азаматтық-құқықтық жауапкершілік және қоршаған ортаны қорғау: қалдықтарды тұрақты басқарудың жеке-құқықтық аспектілері» тақырыбындағы халықаралық дөңгелек үстелге қатысты.

Ғылыми іс-шараны ұйымдастырушылар: Тбилиси мемлекеттік университетінің, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің және Каспий қоғамдық университетінің өкілдері.

Халықаралық дөңгелек үстелге Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Германия, Польша және Түркия елдерінің ғалымдары мен зерттеушілері қатысты. Іс-шара барысында қалдықтарды басқаруды құқықтық реттеу, меншік құқығын қорғау, экологиялық зиян үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етудің жеке-құқықтық тетіктерін дамыту мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, азаматтық және еңбек құқығы кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, профессор А.Ж. Әбдіжәми ғылыми баяндама жасады.

Кафедра өкілдерінің халықаралық ғылыми іс-шараларға қатысуы академиялық байланыстарды нығайтуға, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға және азаматтық әрі экологиялық құқық салаларындағы озық зерттеу тәжірибесімен алмасуға ықпал етеді.