Жаңалықтар

ФУТЗАЛ: СПАРТАКИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

1 мин. оқу
ФУТЗАЛ: СПАРТАКИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Бөкетов ұлттық зерттеу университетінде спартакиада аясында факультеттердің студенттік командалары футзалдан бақ сынады.
Жарыс алаңында ойыншылар тактикалық дайындығы мен спорттық шеберлігін көрсетіп, командалық ойынның маңызын дәлелдеді. Әр факультеттің намысын қорғаған қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, спорттық додаға ерекше серпін берді.
Ойын нәтижесінде үздік үштікке енген командалар анықталды:
Бірінші орын – Дене мәдениеті және спорт факультеті;
Екінші орын – Математика және ақпараттық технологиялар факультеті;
Үшінші орын – Шетел тілдері факультеті.
Жүлдегер факультеттерді құттықтаймыз! Сәттілік тілейміз!