6 қараша күні Бөкетов ұлттық зерттеу университетінің Тарих факультетінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына арналған «Жолдау – 2026» атты білімді жастар олимпиадасы өтті.
Зияткерлік сайыстың мақсаты – студенттердің ел дамуының басым бағыттары жөніндегі білімін тереңдету, қоғамдық-саяси үдерістерге қызығушылығын арттыру және жас буынның азаматтық көзқарасын қалыптастыру.
Олимпиада барысында қатысушылар Президент Жолдауында көтерілген өзекті мәселелер бойынша білімдерін ортаға салып, зияткерлік қабілеттері мен ой ұшқырлығын танытты. Тапсырмалар жастардың білім деңгейін саралап, ел өміріндегі маңызды бастамаларға зер салуына мүмкіндік берді.
Білім мен ізденісті серік еткен сайыс студенттердің таным көкжиегін кеңейтіп, өзара білім бәсекесіне жол ашты.
Жаңалықтар
«ЖОЛДАУ – 2026»: БІЛІМДІ ЖАСТАР ОЛИМПИАДАСЫ
Buketov University