2026 жылдың 30 тамызы мен 14 қыркүйек аралығында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің 10 қызметкерінен құралған топ Познань қаласындағы Адам Мицкевич университетінде (Польша Республикасы) ғылыми тағылымдамадан өтеді.
Тәжірибелік сапар екі университет арасындағы ынтымақтастық туралы келісім аясында ұйымдастырылып отыр. Ағымдағы жылы 20–28 маусым аралығында Бөкетов университеті делегациясының Познань қаласына жасаған сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың нәтижесі болды.
Бағдарлама аясында тағылымдамаға қатысушылар:
нанобиомедицина, материалтану, филология, тарих және психология салаларындағы заманауи зерттеу әдістерін зерделейді;
Нанобиомедициналық зерттеулер орталығында (CNBM) және бейінді зертханаларда зерттеу жұмыстарын жүргізеді;
Адам Мицкевич университетінің музейлері мен ғылыми бөлімшелеріне барады;
ашық дәрістер, ғылыми презентациялар, семинарлар мен шеберлік сабақтарын, сондай-ақ поляк әріптестерімен жұмыс кездесулерін өткізеді;
мұрағаттық және ғылыми материалдарды, психодиагностика мен деректерді өңдеудің заманауи әдістерін, сондай-ақ наноматериалдарды, биомедициналық және функционалдық материалдарды зерттеу әдістерін зерделейді;
бірлескен ғылыми зерттеулер, жарияланымдар және академиялық жобалардың перспективаларын талқылайды.
Қол жеткізілген келісімдерге сәйкес, Адам Мицкевич университеті ғылыми тағылымдамадан тегін өту мүмкіндігін ұсынады.
Тағылымдамаға университеттің бес факультетінің өкілдері қатысады:
Физика-техникалық факультеті:
* Қисабекова Перизат Әуелқызы — аға оқытушы, PhD;
* Мукашева Аяулым Жанабековна — аға оқытушы;
* Жанбирбаева Перизат Амангельдиевна — кіші ғылыми қызметкер;
* Каюмова Айнұр Сериковна — кіші ғылыми қызметкер;
* Келғали Гульнара Келғалиқызы — «8D05302 – Физика» ББ 1-курс докторанты.
Химия факультеті:
* Төлеуов Ұлығбек Борашұлы — Химиялық мәселелер ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері;
* Дәрібай Арайлым Тұрашқызы — «8D05301 – Химия» ББ 2-курс докторанты.
Шетел тілдері факультеті:
* Алшынбаева Молдир Айдосовна — Аударма теориясы мен практикасы кафедрасының аға оқытушысы.
Тарих факультеті:
* Ибраева Дария Махатжановна — «8D02202 – Тарих» ББ 2-курс докторанты.
Философия және психология факультеті:
* Мухамедкаримова Динара Фархатовна — «8D01102 – Білім беру психологиясы» ББ 3-курс докторанты.
Ғылыми тағылымдама Бөкетов университеті мен Адам Мицкевич университеті арасындағы халықаралық әріптестікті нығайтуға, кәсіби байланыстарды кеңейтуге және бірлескен ғылыми зерттеулерді дамытуға маңызды қадам болмақ.
Қатысушыларға тағылымдамадан сәтті өтіп, жаңа ғылыми идеялар, пайдалы кәсіби байланыстар және бірлескен нәтижелі жобалар тілейміз!
Жаңалықтар
БӨКЕТОВ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АДАМ МИЦКЕВИЧ УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАСЫ
Buketov University