6 қараша күні Бөкетов ұлттық зерттеу университетінің Экономика факультетінде Президент Жолдауында көтерілген экономикалық басымдықтарды талқылауға арналған кездесу ұйымдастырылды.
Жиында елдің экономикалық өсімін қамтамасыз ету, өндіріс саласын дамыту, инвестиция тарту, кәсіпкерлікке қолдау көрсету және цифрлық технологияларды енгізу мәселелері сөз болды.
Экономика мамандығының студенттері ұсынылған бастамаларды кәсіби тұрғыдан саралап, олардың ұлттық экономиканың дамуына ықпалын талқылады.
Cонымен қатар қазіргі еңбек нарығындағы өзгерістер мен бәсекеге қабілетті маман даярлаудың өзектілігіне тоқталды.
Жаңалықтар
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ: ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ
Buketov University